Мектепке дейінгі балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Страницы: <<  <  35 | 36 | 37 | 38 | 39  >  >>

н көрінеді: ресми тілде қарапайым сөзді, сырласу кезінде әдеби сөзді кірістіреді, балалармен сөйлескенде айқайлап немесе ашуланып, шыңғырып сөйлесуі, кемсітетін немесе дөрекі ырғақты қолдануы мүмкін, жиналыста шығып сөйлегенде баяу, жылдам, түсініксіз сөйлеуі мүмкін және т. б.
Сөйлеу мәдениетіне ие болу -- бұл тілдің барлық элементінің (сөздің, түбірдің, қосымшаның, жұрнақтың, жалғаудың, сөйлемнің әр түрлі типтерінің, ырғақтың) мағынасын түсіну ғана емес, сонымен бірге әдеби тілде оны, қалай қолданатыны не есте сақтау деген сөз.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін тіл стилі жөніндегі түсінік ең алдымен айтушының белгілі бір мінез-кұлқын талап ететін тілдік этика жөніндегі түсінікпен салыстырылады (жеке адамның сыпайылығы, кісі сыйлағыштығы, қарапайымдылығы, адамгершілігі, мейірімділігі, өзіндік беделі сияқты қасиеттері оның сөйлеу тілінен де байқалады); сонымен қатар баланың стилистикалық түсінігін жетілдіру оыың эстетикалық тәрбиесінің негізгі туралы болып табылады. Демек, сөйлеу стиліне үйрету белгілі бір тәрбиелік міндеттерді қамтиды.
Тәрбиеші стильді интуиция арқылы сезініп қана қоймай, сонымен бірге оның көмегімен белгілі стиль қалыптасатын тіл құралын саналы түрде талдай білген, яғни ол лингвистика саласынан да қажетті білімді меңгеруге тиіс. Бүл балаларды стильді түсінуге тәрбиелеуде қажетті дидактикалық материалдарды оның іріктеп алуына да септігін тигізеді. Сөйлеудің әр түрлі стилистикалық бөлінуі тілдің сиконимиясымен қамтамасыз етіледі, лексикалық (баспана -- үй -- пәтер -- тұратын жер -- тұрақ -- бұрыш -- ұя -- бас сұғатын жер -- ұқгірін), грамматикалық (даламен жүру -- егістікпен ору -- егістік арқылы жүру; келуші -- келе жатқан; сүлу -- асқан сүлу); фонологиялық, яғни әңгімелесіп отырған кісіге қатынасын білдіріп түрлі интонациямен айтуға

Страницы: <<  <  35 | 36 | 37 | 38 | 39  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: