Мектепке дейінгі балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Страницы: <<  <  33 | 34 | 35 | 36 | 37  >  >>

әдісі еліктеу әдісінің тәсілдерімен (нақты объектілерді бақылау тәсілімен, суретке, сөз үлгісіне сүйену тәсілімен, әр түрлі ойын түрлерінің тәсілімен), сондай-ақ әр түрлі сұрақ тапсырма тәсілін қолдану арқылы орындалады.
Сөйлесу әдісін -- теориялық материалды берудің бір тәсілі болып табылатын әңгімелесудің мектептік әдісімен шатыстыруға болмайды, сөйлесу әдісі ережесіне қарай практикалық әдіс екендігін аңғарамыз.
Қайталап айту әдісі
Мектепке дейінгі бес-жеті жастағы балаларды, жоғарыда айтылған тілге үйрету әдістерінен басқа, қайталап айту әдісімен де үйретеді, ол балалардың сөзін тілдің барлық компоненттерімен (лексикамен, грамматикалық формалармен, интонациямен) байытатын, олардың байланыстырушы сөздерін жаттықтыратын қайталап айту әдісімен сөйлеуге үйретеді.
Қайталап айту әдісінде тәрбиеші балаларға көркем әдеби шығарманы оқып береді (айтып береді) немесе серуендегенде, экскурсияда болғанда өздері көрген нәрселерді олардың есіне салады, немесе "өз өмірінде болған оқиғаларды" айтып береді (баяндайды), немесе балалар көрмеген әлде бір затты, хайуанатты сөзбен суреттеп айтады, содан соң оларды: 1) тәрбиешінің әңгіме айтуы барысында сұрақ қоюға, 2) оның әңгімесін (өз жолдастарының біріне немесе үйдегі ересек адамдар үшін) қайталап айтып беруге ынталандырып отырады.
Қайталап айту әдісі еліктеу әдісіне ұқсас. Бұл әдістердің арасындағы айырмашылық мынада: тәрбиеші оқып болысымен-ақ текстің кейбір жерін бала қайталайды (еліктейді); жуықта естіген текстің мазмұнын бала мүмкіндігінше айтып береді; баланың тексті . қабылдауы мен оның мазмүнын қайталап айтуы арасында біршама уақыт өтуі қажет.
Балаларды көркем әдебиетпен таныстыруға байланысты методикада қайталап айтудың көптеген тәсілдері бар, мысалы: сүйікті кейіпкерлерін ойнау, ер

Страницы: <<  <  33 | 34 | 35 | 36 | 37  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: