Мектепке дейінгі балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Страницы: <<  <  32 | 33 | 34 | 35 | 36  >  >>

үрек ұстаған бақшашы және т. с. с (18).
Алты - жеті жастағы балалармен жұмыс істегенде, біріншіден, күрделі синтаксистік форма берілу (сөйлемде оңашаланған мүшелерді пайдалану немесе күрделі сөйлем құрау), екіншіден, лексиканың ауқымы кеңейтілу арқылы сөйлесу әдісі күрделілендіріледі.
Мәселен, тәрбиеші: "Күнге бақылау жүргізген космонавтар аман-есен Байқоңырға қонды" деген үлгіні бере отырып, ойынды бастайды. Балалар бұл сөйлемде ауыстыруға болатын сөздерді: мұхитқа, солтүстік шұғылаға, жұлдызға, тайгаға бақылау жүргізген. . . деген сөздермен алмастырады ("бақылау" объектілерін балаларға тәрбиешінің айтуы мүмкін, ал сөйлемді дұрыс құруға олар өздері күш-жігерлерін салулары керек).
Тәрбиеші ұсынған басқа бір үлгі: "Суретке түсіретін аңшылар аңды байқасымен орман ішінде оның ізімен қолдарына фотокамераларын алып ұзақ жүреді". Балалар сөйлесуде синтаксистік құрылым бойынша аң деген сөзді нақты атаумен алмастырады: "аюдың (бұланның, буғының, жолбарыстың және т. б. ) соңынан жүргенде".
Байланыстыра сөйлеуге жаттығу үшін тәрбиеші тақырыпты белгілеп, осы тақырыпты дамытатын бірнеше сұрақ қойып (жоспардың пункттері), балалардың тілін дамытуды ұйымдастыра алады.
Мысалы:
-- Самал, (6 жаста) бүгін сені таңертеңгісін Байкал балалар бақшасына шығарып салды ма? Ол көшедегілерге үрді ме? Ол көше бойымен қалай жүреді? Оны бүгін серуендеуге кім алып шықты? (Тәрбиеші, әрине, Самалға бұл сүрақтарды қою үшін, оның семьясындағы жайларды білуі керек. )
Төрт-бес жастағы балаға сұрақтың бәрін бірдей қоймай, бір-бірлеп қойып, оны екеу ара әңгімеге шақыру керек.
Сонымен, сөйлесу әдісі -- бұл үйретуші үйренушіні өзінің сөздік қорын орынды пайдалануға және сол арқылы тілін жетілдіре түсуге үйрететін әдіс. Сөйлесу

Страницы: <<  <  32 | 33 | 34 | 35 | 36  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: