сөйлей білуін қалыптастыру көзделеді.
Сонымен, балалардың қазақ тілінде сөйлеу тілінің дамуы төмендегідей нақты міндеттерді орындағанда жүзеге асырылады:
1. Баланың сөздік қорын қалыптастыру, оны белсенді түрде байыту;
2. Бала тілінің дыбыстық жағын жетілдіру, мәнерлі де мәдениетті сөйлеуін тәрбиелеу;
3. Тілдің грамматикалық жағын қалыптастыру, грамматикалық
формалардан ауытқымай сөйлеуге машықтандыру;
4. Ауызекі сөйлеу тілінің қалыптасып, дамытылуын іске асыру;
5. Өз ойын монологты түрде байланыстыра жеткізе білуге үйрету;
6. Көркем сөзге баулу;
7. Сауаттылыққа үйрету.
Балалар бақшасында қазақ тілін ана тілі және екінші мемлекеттік тіл ретінде игеріп, тілдік қатынасқа түсудің маңызды түрі - ауызша сөйлеу тіліне үйрету. Ал толық түрде жазбаша тілдік қатынасқа түсу, яғни айтылған ойды тез түсіну, тез жауап қату біртіндеп мектепте бастауыштық және орта білімдік сатыларда, тіпті баланың бүкіл өмірінде дамытылады.
- Балалар, "Кім көбірек?" ойынын ойнаймыз. Кім менің айтқан сөзіме көбірек сөз қосар екен? Мен: "Аспазшы түскі асты әзірлеп жатыр", -- деймін.
Ал сендер: "Аспазшы таңертеңгі (кешкі, сәскедегі) асты әзірлеп жатыр", "Аспазшы компот қайнатып (шыжғырып, қуырып, бұқтырып; сорпа, щи: балық, ет. . . ) жатыр" деулерің керек. Соңғы бала сөйлегеннен кейін ешкім сөз қосып айта алмаса, сол жеңеді.
Балалар бақшасындағы аула сыпырушының, күтушінің, электр жөндеушінің, слесарьдың, тәрбиешінің және басқа да қызметкерлердің еңбегін әңгімеге арқау етуге болады.
Төрт жастағы баламен жұмыс істегенде бұл міндетті шешуді суретке сүйену тәсілін қолданып (сөйлесу әдісі) жеңілдету қажет. Адам мамандығын толық бейнелейтін суреттердің жиынтығы керек: пеш жанында тұрған аспаз, к
Страницы: << < 31 | 32 | 33 | 34 | 35 > >>