Мектепке дейінгі балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Страницы: <<  <  30 | 31 | 32 | 33 | 34  >  >>

шқы ұстазы ата-анасы, тетелес ағалар мен әпкелері. Олар мен күнбе-күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн санап жетіле береді. Адамның тілі неғұрлым бай болса, ойы да неғұрлым кең болады. Сондықтан бала тілін кішкене күнінен әдебиеті мен көркем шығармалардан үзінділер оқып таныстырудың маңызы зор (17).
Осындай мазмұны терең, тілі көркем, оқуға жеңіл, тез жатталатын шығармалардан үзінділер оқып беру, есте сақтаған шығарманы өз сөздерінде қолдана білу балалардың сөздік қорларын молайтады, оларды жүйелі ойлауға, ойын дұрыс түсіндіре білуге жаттықтырады.
Ата-анада баланың тіл мәдениетіне тәрбилеуде орасан зор үлес қоса отырып, жаңа технологияларды пайдалану арқылы дыбыстарды дұрыс айтпауына отбасы көңіл бөлмейді, әрине бұл дұрыс емес. Ең басты міндет дыбысты дауыс ырғағына келтіріп дұрыс айтуға үйрету. Баланы тіл мәдениетіне тәрбиелеу ата-ананың басты міндеті. Жас ата-аналар мен көмекті талап ететін ата-аналарға ақыл кеңес беруші білікті, білімді, жанашыр - ол тәрбиеші.
Баланың жан-жақты дамуы ең алдымен оның үлкендермен қатынас тіліне дұрыс түсуіне байланысты. Үлкендер - адамзат баласының бар тәжірибесін, білімін, мәдениетін өз қолының ғана көмегімен бере алатын тұлғалар. Олай болса, теория бойынша "тіл - адам қатынасының негізгі құралы" дегенді ұмытпай, қатынас құралы болумен қатар тілдің адам білімін жетілдіретін хабарлау қызметі, бала жанын баурап алатын сезімдік қасиеті үлкендер тарапынан әрдайым қажет.
Баланы алдымен өз ана тілінде тілі шығуы, дамуы, не болмаса екінші тіл ретінде қазақ тілін үйренуі ата-ана мен айналасындағылардың, қазақ тілі мұғалімінің, тәрбешісінің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Тіл дамыту жұмыстарындағы, қазақ тілін үйретудегі басты мақсаттар ортақ. Екеуінде де баланың қазақ тілінде байланыстырып

Страницы: <<  <  30 | 31 | 32 | 33 | 34  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: