өйлеуді жетілдіре отырып, жеке сөздердің тура мағынасы мен ауыспалы мағынасына, сөздің көп мағыналылығына, яғни сөздің семантикалық жағына көңіл бөліп отыру қажет. Ұқсас және біртекті заттарды атайтын жалпы есімдерді (киім, жеміс, тағам, мүлік,; мал т. б,), антоним, синонимдерді, теңеу, салыстыру мағынасын беретіні бейнелі көркем сөздерді үйрету.
Баланың тілін дамыту жұмысың негізгі мазмұны - сөздік жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп, ойлау қаблеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі - тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептеледі. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр түсін және пішінің ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым қатынас жасай білуге үйренеміз.
Сөйлеу бала үшін қарым қатынас болып табылады, оның ойлау қабілетін және мінез құлқын реттеуде маңызды рөл атқарады. Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажеті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Байланысты сөз ойға мағына беріп, адамдардың бір-біріне қарым-қатынас жасауын және өз ара түсінісуін қамтамасыз етеді. Сөйлеу қызметі ойдың дамуымен қатар өрбиді. Дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу коммуникативтік біліктілікті, тілдік және тілдік емес құралдардың көмегімен айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасауды реттеу қабілетін дамытуға бағытталған. Тілді дамытуда баланың өз қатарларымен сөйлесе білудің маңызы ерекше.
Баланың өз ойын түсінікті, ұғымды жеткізе білуі отбасынан бастап қалыптасады. Оның алға
Страницы: << < 29 | 30 | 31 | 32 | 33 > >>