здік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту;
- үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын - баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Балаларды мектептегі оқуға дайындауда, сөйлеу процесінің дамуы, балалардың мектептегі оқу жағдайын жақсартатын бірден-бір әсер болып табылады, өйткені сөз - ол мұғаліммен сөйлесу, сол арқылы білімді игеру және психикалық процестердің дамуы мен жетілуі болып табылады. Балалардың сөйлеу қабілетіне ерекше талап қойылады, өйткені мектептегі оқу барысы белгілі бір мақсатпен атқару тиіс. Оқу барысында бірнеше сабақтардың нәтижесінде, мысалы, қазақ тілінде сөздің мағынасын (керекті заттарды орындарына қою), сөзді айту қабілеттілігін, (сөзді жазу мен мәнін түсіндіру), сөздің нақтылыгын (ақпараттарды беру және оны хабарлау, оны сөзбен жеткізу қабілеті), сөздік қорының байлығы және оның әр түрлілігі туралы мағлұмат алып шығады.
Бұл сұраныстардың барлығы балалардың мәнерлі, ңақтылы сөйлеуінің нәтижесінде, мұғалім мен балалардың арасындағы сөйлеу қатынасынан пайда болады. Сөз қабілетінің туындауы нәти
Страницы: << < 27 | 28 | 29 | 30 | 31 > >>