Мектепке дейінгі балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Страницы: <<  <  23 | 24 | 25 | 26 | 27  >  >>

Балалардың жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, тіл мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазірдегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу жұмыстары "тірі" дыбыстармен жұмыс істеудің негізінде жүргізіледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды негізгі үш кезеңде қарастыруға болады:
oo кезең - 1жас 6 айдан З жасқа дейін;
oo кезең - Зжастан 5 жасқа дейін;
oo кезең - 5 жастан 6 жасқа дейін (2).
Мектепалды дайынықта сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың соңғы кезеңі болып табылады. ІІІ кезеңнің басында артикуляциялық айтылуы қиын дыбыстарды нақты бір-бірінен ажырату мақсатында жұмыс жүргізіледі с-ш, з-ж, и-й, м-л және т. б (14).
Балалардың фонематикалық есту қабілетін жетілдіру үшін арнайы жұмыстар жүргізіледі (сана-шана, қаз-жаз). Бұл кезеңде негізінен дидактикалық ойындарға, әңгімеуге, әңгімелесуге, жаттауға көп көңіл бөлінеді.
Сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудегі жұмыстар дыбыстарды бөліп алу тұрғысынан топтастырылады. Кез келген дыбыстарды бөліп алуда үш түрлі жұмыстар жүргізіледі.
Жұмыстың бірінші түрі жеке дыбыстарды ажыратуға байланысты болды. Педагог дыбыстардың акустикасы мен артикуляциялық құрылымын анықтау үшін суретті кестелер береді.
Жұмыстың екінші түрі сөздегі дыбыстарды топтау арқылы жүргізіледі. Педагог әртүрлі суреттер, заттар, ойыншықтарды іріктеп алып, оның ішінен бөлініп алынған дыбыстарды ажыратқызады. Алдымен тұтас сөз алынады. Одан бөлініп алынатын дыбыстарды ажырату тапсырылады, одан кейін сөзден бір дыбысты бөліп ажырату ұсынылады. Балалар дыбыстарды дұрыс, анық айтуы және олардың айтылу айырмашылығын ажыратуы тиіс. Ал бұл балалардың дұрыс ырғағын, сөздерді

Страницы: <<  <  23 | 24 | 25 | 26 | 27  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: