Мектепке дейінгі балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Страницы: <<  <  24 | 25 | 26 | 27 | 28  >  >>

дұрыс айтуды орфоэпиялық нормада дұрыс сөйлей білуге дағдыландырады.
Жұмыстың үшінші түрі сөйлеудегі дыбыстарды дифференциациялау. Педагог сөздік ойын, әңгіме, сурет топтамаларын, өлеңді, жұмбақ, жаңылтпаш және т. б. тілдік материалдардан бөлініп алынған дыбыстарды ажыратады.
Балалар ол дыбыстарды дұрыс айтып қана қоймай оны күнделікті дұрыс пайдалана білуі қажет. Тақпақ, өлең, әңгімелердегі дыбыстарды бөліп алуда педагог сөйлеу темпін, дауыс ырғағын, әдеби нормада сөйлеу мәдениетін қалыптастыра
Педагогқа қойылатын талаптардың бірі - оның сөйлеу мәдениетінің жоғары болуы. Сөйлеу мәдениеті бойынша дұрыс сөйлеу - орфоэпиялық, грамматикалық, лексикалық, стилистикалық, әдеби тілдік нормаларды сақтап сөйлей білу.
Тәрбиеші-педагог сөйлеу мәдениетін меңгеруде тілдің барлық элементтерін толық түсініп, үйреніп қана қоймай (сөз, түбір, жалғау, жұрнақ, сөйлем түрлері, дауыс ырғағы), оны өз орнымен, шеберлікпен қолдана алуға тиіс. Өйткені сөз мәдениеті алдымен, сөзді дұрыс қолдану (сөз дұрыстығы), екіншіден, сөзді орынды жұмсау (сөз шеберлігі) болып табылады. Бүлдіршіндер дұрыс, сауатты сөйлеуді ересектерден, тәрбиешілер мен ата- аналардан үйренеді.
Мектеп жасына дейінгі балалар сөйлеу мәдениетінде тілдік этикет туралы мағлұмат алады. Онда сөйлеушінің міінез-құлқына қатысты сыпайылық, жомарттық, қайырымдылық, өзіндік көзқарасы және т. б. нормалар қалыптастырылады.
Сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің өзіндік міндеттерін шешуде педагогтің тілдік құралдарды саналы талдатуда лингвистика саласы бойынша білімі сәйкес болуы шарт. Ал өз кезегінде ол балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптпастыруға қажетті дидактикалық материалдарды іріктеуге көмектеседі.
Тіл дамыту сабақтарында пайдаланылатын педагогикалық техналогиялардың төмендегідей міндеттерін жүзеге ас

Страницы: <<  <  24 | 25 | 26 | 27 | 28  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: