Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін ұлттық ойын арқылы дамыту

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>

рын байыта түседі.
Ұлттық ойындарды жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдалану қажет. Мен ұлттық ойындарды балаларға серуендерде, оқу іс - әрекеті барысындағы, бой сергіту кезінде, ертеңгіліктерде, спорттық шараларда ойнауға ұсынамын.
Ұлттық ойындардың бала тәрбиесінде алатын орны ерекше. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті.
Жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым - қатынасын, мінез - құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері оқу іс - әрекетінде өлі - тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.
Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай "сөйтейік, бүйтіп көрейік" деуі, олардың "ойынды ойын" деп түсінуінде жатыр.
Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасалады:
а) ойын - тәрбие құралы, ақыл - ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.
ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
в) эстетикалық тәрбие беру - өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.
г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі - ойын баланы жан - жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиял

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: