Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін ұлттық ойын арқылы дамыту

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6

ық және физиологиялық негіздері болып табылады.
Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Бұл пікіріміз жалаң болмас үшін заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ойшылдарымыздың бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің мына бір пікірін еске ала кетейік: "Біздің заманымыздың өмір кешкен ұзақ жолында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған".
Халқымыз ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі - өнегенің желісі бар. Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші өсе келе соған белсенді қатынасушы келесі кезеңді үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады. Кейінгі кезде ұлт ойындарына көңіл бөлмеу нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға жуық.
Ойын технологиясы бойынша жас өспірімдердің қызығушылығын жақсы арттыруға болады. Сонымен қатар тілдерін де дамытуға болады.
Жас өспірімдердін қарым қатынастарын, іздемпаздыққа адамгершілікке, сыйластыққа, мейрімді сөздер айтуға үйретуге болады.
Ең әдемі көрікті
Балабақша үйіміз
Үйрендік бәр ойынды
Біздер ойнай аламыз.

Қостанай қаласы. Меңдіқара ауданы . МКҚК "Балауса балабақшасы"
Тәрбиеші: Кубекова Анар Мухамбеткалиевна
II санатты, жоғары білімді.





Страницы: <<  <  4 | 5 | 6
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: