Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін ұлттық ойын арқылы дамыту

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

берері мол. "Санамақ", "Жылдам айт", т. б. тартымды ойындарды үйрету, тіл өнеріне негіз салады деп есептелген. Балалар негізінен ойын үстінде бір - бірімен тез тіл табысады. Ойынына қарап баланың психологиясын аңғаруға болады. Бес саусақ бірдей емес дегендей, әр отбасынан шыққан балалардың мінез - құлқы бірдей емес.
"Бесік жырынан" бастап ұлт ойындарының барлығы халық тәрбиесінің көзі. Қай дәуірдің ұрпағына болмасын тіршілік жолына бағыт сілтеп, өмірге аттандырады. Халық жырлары ата - ананың балаға қойған бірінші сенімі, тілек - талабы. Мұның бәрі баланы ойната, көңілдендіре, бойларын сергіте жүріп айтылады да, өміріне рухани азық болатын өнегелі де ілтипатты сөздерді жас кезінен құлақтарына құя береді. Ал ойындар болса баланың осы айтылған өнеге - өсиет сөздерін күнделікті тіршілікте тәжірибе жүзінде іске асырудың құралы болды. Айталық, ойын үстінде осы айтылған өнеге - өсиет бастан аяқ қолданылады, осы негізде оның бойында адамдық қасиеттер қалыптаса бастайды. Демек, ойын әр түрлі әрекетке қозғалысқа, денешынықтыруға ғана төселдіріп қоймай, өмірдің рухани азығы - үлкеннің барлық қасиетін, яғни баланың жан - жүйесіне әсер ететін этикалық, эстетикалық тәрбиені қабылдауға қалыптастырады.
Мәселен, әртүрлі қозғалмалы ойындар мен асық ойындары тайпалық одақтарда ересектер арасында дамиды да, кейін келе жасөспірімдерде қалды. Қазақстандық потратизм шығармащылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет. Ұлттық мінез - құлық, биік талғампаздық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек дегені мәлім". Жас ұрпаққа саналы тәлім - тәрбие беру оларды заман талабына сай, жан - жақты дамып жетілген, жаңашыл көзқарастағы азамат етіп қалыптастыру, кең көлемді және сан тармақты

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: