"Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" ММ
"Балауса" балабақшасы МКҚК
Баяндама
" Мектеп жасына дейінгі балалардың
тілдерін ұлттық ойын
арқылы дамыту. "
Тәрбиеші: А. М. Кубекова
" Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін ұлттық ойын
арқылы дамыту "
Қазақ халықының ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр. "Ойын ойнап ән салмай өсер бала болама" деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы еңбекке қатынасы психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, іздемпаздық тапқырлық. Әрекет байқатады.
Өзімнің "Құлыншақ" тобымда жас өспірімдердің тілдерін ұлттық ойын арқылы дамытып жатырмын. Ойын олардың қөңілің өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай оның өмір құбылыстары жайлы таным түсінігіне әсер етеді.
Ұлт ойындары - ата - бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын балалардың алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді
Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз.
Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі - халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп - жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптас
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>