Мектеп жасына дейінгі балалардың қозғалыс белсенділігін арттыруда қимылды ойындардың маңыздылығы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Әмірғазина Майдагүл Ошақбайқызы

2010 жылдың мамыр айынан бастап 46 "Самал" санаториялық балабақшасында тәрбиеші қызмет атқарады. Жұмыс барысында мектепалды даярлау тобы болғаннан кейін үнемі қимыл-қозғалыс ойындарын қолданып, балалардың ойындарына көп мән беремін. Қимыл-қозғалыс ойындарында балалардың ептілігі, қимылдық әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік қасиеттерге тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қозғалыс белсенділігін арттыруда қимылды ойындардың маңыздылығы

"Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?"
Абай Құнанбаев

Балалардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда әр баланың психологиялық және физиологиялық дамуын ескере отырып жұмыс жасаймын. Ненің жақсы, ненің жаман екенін ойын үстінде ауызекі сөйлесу барысында түсінеді. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Күнделікті өмірдегі қиындықтың бірі күтпеген жағдайлардағы адамның өзін ұстай білмеуі болып табылады. Әдеттен тыс жағдайға тап келген адамның дұрыс шешім жасай алмауы жиі кездеседі.
Осындай жағдайларды яғни, сюжеттік-рөлдік ойындарды сахнада ойнап көрсету балалардың бойындағы жағдайды ойластыру және одан шығудың жолын табу қабілетін дамыту әдісі болып табылады. Бұдан басқа, осыған ұқсас ойындарда бала басқалармен өзара әрекет жасай білуге, өзінің әрекеттерін басқалармен ақы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: