арттыру орталықтары ашылуда. Біздің оқыған деңгейлік бағдарламаның ең өзекті мәселесі сындарлы оқыту технологиясына негіздей отырып, оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез- келген жағдайда тиімді пайдалана біліуін қамтамасыз ету. (нұсқаулық 9 бет).
ЭЫДҰ "XXI ғасыр оқушылары моделінің" негізгі белгілерін анықтау үшін "Құзыреттерді анықтау және іріктеу" жобасын жасап шығарды.
Аталған жоба оқушылардың терең тұжырымдамалық түсінікпен астасқан негізгі сауаттылықты меңгергендігін көрсететін, кең мағынасында шешімдер мен іс- әрекеттерді таңдау қабілеттілігі сияқты түйінді құзыреттер жүйесін сипаттайды. Қазіргі уақытта әлем мемлекеттерін толғандырып отырған мәселе-білім саласында биік нәтижеге қалай қол жеткіземіз деген сұрақ туындауда. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды ұйымдастырудың негіз болып табылады, сонымен қатар қазақстандық білімді жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз етеді. Бағдарламаның мақсаты - білім беру саласында еңбек ететін барлық педагогтарды үздік біліммен қамтамасыз ету, жалпы орта білім беретін мектептерде рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде табысты білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.
"Функционалдық сауаттылық" ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдарында ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды. Кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Бүгінгі өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.
"Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>