Мектеп білімінің мазмұнын жаңарту
Ғасырлар ғұламасы атанған Мұхтар Әуезовтің: "Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін - білім" деген сөзі ешқашан еш жерде маңызын жоймайды. Себебі, қай мемлекеттің, қай елдің болмасын, даму деңгейін, рухани мазмұнын, интеллектуалдық қасиетін, өркендетуін айқындайтын, бірден-бір құрал - білім беру жүйесінің сапалылығы. Кезінде ұстаз Ыбырайдың: "Қазақтың білімге қолын жеткізетін ең басты құралы - мектеп. . . тек қана мектеп және қазақ халқының болашағы да мектептен басталады" - деген сөзі қазіргі заманда еш мәнін жоғалтпақ емес. Халықта: "Әуелі тұқым, сонан соң күтім" деген асыл сөз бар. Сондықтан тұлғаның өсіп- өнуінің сәтті болуы рухани күтімге байланысты. Баланың жанына ақыл- білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табатын - ұстаз. XXI ғасыр жаңа технология заманы. Технологияны жүзеге асырып, өмірге енгізу, оны игеру және жетілдіру келешек ұрпақтың қолында. Ал ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында (Н. Ә. Н). Білім - қоғамда әлеуметтік- мәдени, ғылыми үдеріспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде. Қай елдің болсын өсіп- өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
Әлемдегі қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесіне де өз әсерін тигізуде. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де басты, маңызды мәселе болып отырғаны: "XXI ғасырда нені оқыту керек ?" және де: "Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды?" деген сұрақтар туындауда. (нұсқаулық 5 б). Білім саласында қашықтықтан оқыту дамып келеді және кәсіби біліктілікті
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>