Материктермен аралдар

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

br/>Иран Армян таулы қыратының оңтүстік-шығысы мен Иран таулы қыратының батыс бөлігінде орналасқан. Шет жақтарында Солтүстік Иран (Эльбурс, Түрікмен -- Хорасан), Оңтүстік Иран (Загрос, Мекран), Шығысы Иран (Серхед, Пеленган, Боран, Келат) таулары, ортасында Кухруд жотасы, Деште-Кевир, Деште-Лух шөлдері орналасқан. Солтүстік-батысын Оңтүстік Каспий және Кура-Аракс ойпаттары, солтүстік-шығысын Горган жазығы, оңтүстікн -- Гермезир шөлі алып жатыр. Жері, негізінен, таулы. Климаты субтропиктік, континенттік, жазы ыстық, қысы солтүстігінде салқын, оңтүстігінде жылы. Парсы және Оман шығанақтары жағалауларының климаты тропиктік.
Қаңтардағы орташа температура 2С-тан 19,4С-қа дейін, шілде айында 29,4 -- 32,5С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 500 мм. Эльбурс тауы беткейінде 2000 мм, Систан ойысында 50 -- 60 мм. Жер беті суы аз. Ірі өзендері -- Карун,Сефидруд, Гильменд, Қиыр солтүстігінде Атрек, Аракс өзендері бар. Таулы аудандарда көптеген көлдер кездеседі. Жері сары, қоңыр және қызғылт топырақты. Тау беткейлері орманды, өзендер бойы шалғын, ішкі аудандары шөл, шөлейт. Иран жерінде сүтқоректілердің 100-ге тарта, құстардың 400-ге жуық, бауырымен жорғалаушылардың 80-ге жуық түрі бар. Шектес теңіздері балыққа бай. Пайдалы қазындылары: мұнай, газ, тас көмір, темір, хромит, т. б.
--
Тарихы

Иран жеріне адам баласы тым ерте заманнан бері қоныстанған. Б. з. б. 3-мыңжылдықта қазіргі Иранның оңтүстік-батысында алғашқы мемлекеттер құрыла бастады. Б. з. б. 2-мыңжылдықта бұл аймаққа Орталық Азиядан арий тайпалары келіп қоныстанды. Б. з. б. 673 - 672 ж. қазіргі Иранның солтүстік-батысында Мидия мемлекеті пайда болып, 616 - 605 ж. Ассирияны талқандап, аса ірі мемлекетке айналды.
Б. з. б. 550 ж. өкімет билігі парсылық Ахемен әулетіне көшті (қ. Ахемен әулеті). Ахемен әулет

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: