Математика – сырлы әлем

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>





Сайдалиева Рая Жомартқызы
Сақтапберген Әлжіков атындағы 144 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Математика

Сабақтың тақырыбы: " Математика - сырлы әлем" ( эстафеталық сайыс сабақ)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға логикалық, викториналық т. б есеп түрлерін шығарудың шапшаң түрлерін ойын арқылы үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, зейінділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: көрнекілік ,топтық ,сұрақ - жауап , сұрақтары бар қорап . бағалау терезесі
Сабақтың көрнекіліктері: доп, маркер, тақта,стикер , плакатқа жазылған есептер жиыны

Сабақтың барысы:
Мұғалім
Балалар ,2017 жылы елімізде қандай оқиға болады деп ойлайсыңдар ? (өз ойларын айтқызу ) Әрине ЕХРО- 2017. көрмесі . Балалар сол көрмеге сендердің де өз үлестеріңді қосқыларың келе ме ? Олай болса біз бүгінгі сабағымызда сол көрмеге өз үлесімізді қосу үшін математикалық эстафета ұйымдастырамыз. Осы сапардан сүрінбей өтулеріңе тілектеспін!
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан,
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан! демекші бүгінгі сабағымыз сырға толы математикаға арналмақ .
Олай болса балалар, біздің "ЕХРО - 2017 жылға сапар" математикалық эстафеталық ойын сабағымыз 7 кезеңнен тұрады.

1. Екі топтың танысуы: Әр топтың аты, ұраны болуы керек . (5 ұпай)

2. "Жекпе - жекке" шақыру. Топ басшыларын жарыстыру ( әр сұраққа 1 ұпай )

3. . "Бәйге" сайысы. ( әр топқа 10 сұрақ қойылады .

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: