е, сол хатқалталардағы тапсырманы орындасаң, менің досымды аласың деп тапсырма береді. Ойын осылайша екінші қатардағы балалардың дос таңдауына өтіп, қайталана береді. Мұғалім дос таңдаған оқушының өз тапсырмасын дұрыс орындағанын тексеріп, сонан соң таңдаған досын қасына алып барып отырғызады.
"Дүкен" ойыны
(Жеміс- көкөніс дүкені, тамақ дүкені, оқу құралдарын сататын дүкен, аяқкиім дүкені т. б. )
Дидактикалық мақсаты: Ауызша есептеуге қарапайым түрде күнделікті өмірмен байланысты жаттықтыру. Ақшаны ұсақтап үйрену.
Керекті құралдар: Дүкеннің өзіне тән заттар, (көкөніс, оқу құралдары т. б. ) оның жазылып алынған бағалары, картоннан жасалған тиындар мен ақшалар. Таразы, есепшот, әр түрлі бұйымдар.
Мазмұны: оқушылардың ішінен сатушы, кассир, тексерушілер жеке шығады. Қалған оқушылар сатып алушылар болады. Ұйымдардың бәрінің бағасын жазып, іліп қояды. Сатып алушылардың қалаған заттарын көрсетіп, чектерін алып келсе, соны есептеп заттарын беріп тұрады. Бақылаушылар оларды тексеріп тұрады. Осылайша ойын жалғасып отырады. Рөлдерін ауыстырып отырса ойын қыза түседі.
"Бірліктер. Ондықтар. Жүздіктер" ойыны
Дидактикалық мақсаты: Бірлік, ондық , жүздік ұғымдарын меңгету.
Керекті құрал- жабдықтар: 1- ден 9- ға дейінгі сандар,(3 данадан) және топ аттары жазылған қағаз. (Бірліктер. Ондықтар. Жүздіктер)
Мазмұны: сыныпты 4 топқа бөлу және таныстыру. 3 топ оқушылары қолдарындағы сандар жазылған карточканы көтереді. Ал соңғы топ сол санды оқиды. Мысалы, "бірліктер" тобының бір оқушысы 5 цифрын, "ондықтар" тобының бір оқушысы 2 цифрын, ал "жүздіктер" тобының бір оқушысы 4 цифрын көтерсе , 4- ші топ оқушылары бұл снды оқуы керек, яғни бұл сан 425 деп аталады. Ойынды әрі қарай толптардың орн
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 > >>