ып ойнауға да болады.
Себетті кім бұрын толтырса, мұғалімге өткізеді (себетті өткізген жеке оқушы немесе, бірлескен топ, командалар болуы мүмкін).
Мұғалім алма ағашын басқа да заттармен ауыстырып, ойынды күрделендіріп жалғастыра беруіне болады.
"Шынжыр" ойыны
Дидактикалық мақсаты: жиырма көлемінде ауызша және жазбаша есептеп дағдыландыру.
Керекті құрал- жабдықтар: цифрлар жазылып, қиып алынған карточкалар.
Мазмұны: Мұғалім 1- ден 9- ға дейінгі сандар жазылған карточкаларды таратып береді. Ойын тәртібімен таныстырады. Бір оқушыға каточканы береді де, тақтаға шақырады. Бала қолындағы санды атайды. Мұғалім оқушыларға қарап, сол санды 9- ға дейін толықтыр дейді. Содан соң оны 14- ке, соңынан 20- ға дейінтолықтыр деп тапсырма береді. Оқушылар қолдарындағы сандарды алып шығып толықтыра береді. Қалған оқушылар бақылаушылар ролінде болады.
6356 20
2873 20
42365 20
Ойын нәтижесінде тез және қатесіз орындаған топ озып шығады. Ойынды сан құрамын табуға, ондықтан аттап қосу мен азайтуға да пайдалануға болады.
Келесі сабақтарда күрделендіріп орындай беруге болады.
"Дос таңдау" ойыны
Дидактикалық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, екі таңбалы сандарды екі таңбалы санға жазбаша қосу және азайту т. с. с. тапсырмаларды орындату үшін.
Керекті құрал- жабдықтар: тапсырмалар жазылып салынған хат қалталар, дайын карточкалар.
Мазмұны: Ойын екі партаның ортасында жарыс түрінде жүргізіледі. Бірінші қатардағы партадан, 3- 4 баланы орындарынан тұрғызып, екінші қатардағы оқушылардың ішінен өздері ұнатқандарының аттарын атайды. Егер олар пакрталастарын бермейтін болса, дайын карточкалар салынған хатқалтаны апарып береді де есепті шығарыпқайтаруды талап етеді. Немесе, керісінш
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>