М. Мақатаев Сүйемін, өскен Отаным

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Жамбыл облысы, Тараз қаласы
М. Мәметова атындағы 27 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А. Қ. Шайхысламова
Әдебиеттік оқу
3 сынып
Тақырыбы М. Мақатаев Сүйемін, өскен Отаным
Мақсаты: Оқушыларды қазақ поэзиясында шоқтығы биік аса дарынды ақын
Мұқағали Мақатаев шығармаларымен таныстыру.
Міндеті:
1) Мәнерлеп түсініп оқу дағдыларын дамыту
2) Оқушының тіл байлығын, сөздік қорын дамыту
3) Өз елін, туған Отанын сүюге баулу
Әдіс-тәсілдер: "Болжау", "Бес жолды өлең", "Венн" диаграммасы
Күтілетін нәтиже: - автор жайлы түсінік алады;
- Отан туралы түсінігі артады;
- тіл байлығы артады;
- өзін-өзі реттейді.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. "Шаттық шеңбері" психологиялық дайындық
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз,
Сәлем бердік сіздерге
Басымызды иіп бәріміз.
II. Үй тапсырмасын сұрау: Қасым Аманжолов "Туған жер".
Өлеңді мәнерлеп оқыту. Қасым Аманжоловтың өмірбаянын сұрау
Қ. Аманжолов Отан , туған жер, өскен ел тақырыбына көптеген өлеңдер жазған дарынды ақындардың бірі (үй жұмысын қорытындылау)
III. Білімдерін жан - жақты тексеру
oo Монолог дегеніміз не?
oo Диалог дегеніміз не?
oo Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата
oo Сатира қандай шығарма?
oo Кейіптеу дегеніміз не?
oo Портрет деп нені айтамыз?
oo Лириканың басты ерекшелігі не?
ІV. Жаңа сабаққа дайындық:
а) Мақсат қою:
- Бүгін біз сіздермен Мұқағали Мақатаевтың шығармаларымен танысамыз. Бүгінгі сабақ топтық жұмыс түрінде өтеді. Қима қағаздар арқылы топқа бөлінеміз.
5мин уақыт беру. Топ атын, ұранын жаздыру, топ басшысын сайлату.
Болғандары қол шапалақтау (бірдей), топ қатарын анықтау.
Топ ұстанымын айтып

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: