С )
-Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз:
-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам – Ана!
-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз.
-АНА сөзіне байланысты тақпақтарын тыңдаңыздар:
А: Нұрасыл
Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
Н Нартай
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін! . . .
Айдан
Ата-анаға еркелеп,
Ортасында өстік біз.
Жақсы оқып, қуантып,
Бестік күнде алдық біз. . . .
Балалар хормен:
-Ата-анаға мың рахмет!
Ән: Анашым Сағынаева Камшат.
Құрметті ата-аналар оқушылардың өнерін тамашаладыңыздар,
сіздердің білімдеріңізді тексерейік.
Ойын:5 ата-анаға 5 әріп беріледі. Б,Т,Ж,З,Қ
Мен қойған сұрақтарға берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап бересіздер.
-Балаңыздың аты кім?
-Балаңыздың жолдасы кім?
-Балаңыз қандай тамақты жақсы көреді?
-Балаңыз бос уақытында немен айналысады?
Мақал-мәтел (жалғасын жалғастыру)
Ананың көңілі балада, Ананың сүті – бал,
Баланың көңілі далада. Баланың тілі бал.
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Еңбектің наны тәтті
Жалқаудың жаны тәтті.
Ұлдың ұяты әкеге
Қыздың ұяты шешеге
Ендігі кезекті оқушылардың қонақтарға арналған ән мен билерін тамашалаңыздар.
Би: «Ха-фа-на-на»
Ән: «Балдырған»
Би: «Жігіттер биі»
Би:
Мұғалім:
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Бала
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>