Әліппе-білім бастауы

Страницы: <<  <  25 | 26 | 27

да сыйлы болуы шарт. Егер осы қасиеттер ұстаз бойынан табылса онда сен өз мамандығыңмен мақтануына болады. Қазіргідей жаңа техналогия заманында мұғалім болу оңай жұмыс емес. Меніңше, ешбір басқа мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қойылмайды. Педагогтық қызметтің жетістігін бағалауда өте қиын нәрсе. Бірақ жақсы ұстазды бала да, ата-анада тани біледі. Өзімнің аз уақыт ұстаздық еткен жылдарымда ойға түйгенім оқушыға әсіресе мұғалімнің сөйлеу мәдениеті көбірек әсер етеді екен. Мұғалім қанша білімді болса да, оның сөйлеу және өзін-өзі күту, ұстаз мәдениеті төмен болса, ондай мұғалімдерді оқушылар да сыйламайды. Сондықтан мұғалімнің жеке басында сөз бен істің арасында алшақтық болмау керек.
«Мамандығым-мақтанышым» деген ойымды қорытындылай келе менің айтарым: Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін, мұғалім үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Мұғалімнің кәсіптік деңгейі шығармашылық іс-әректіне, ізденісіне байланысты. Әр мұғалім өз білімін үнемі жетілдіріп, жаңа заманға сай жаңалықтармен білімін толықтырып отырса, онда мамандығын еш ойланбастан мақтанышпен айта алады. Өйткені «Мұғалім -мәңгі нұрдың қызметшісі». Олар барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында да одан жоғарғы нәрсе болмақ емес. Сондықтан да мен дәл осындай мамандық иесі болғаныма мақтанамын. Өмірім әлі алда. Талай шәкіртті білім нәрімен қаруландырып,биіктерден көрінетініме сенемін. Ол үшін шаршамай,ізденуім керек деп ойлаймын. Сонда ғана нағыз ұстаз боласың.
10
9
8
7
6
5
0
4
3
2
1




Страницы: <<  <  25 | 26 | 27
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: