Әліппе-білім бастауы

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>

лардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан,ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға,тілек айтар қонақтар.
Сөз кезегі мектеп басшыларына беріледі.
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар,ата-аналар келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Біз сіздермен қоштаспаймыз,келесі кездескенше дейміз.

«Жұмбақ» (математика: Ата-ана, балаларға).
1. Торда үш қоян бар еді. Үш оқушы бір-бірден қоян алды. Сонда тақтада әлі де бір қоян қалды. Ол қалай? (Ж: біреуі торымен алған).
2. Бес бұтақты қайыңда,
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер сайынға,
Сонда қалды неше алма? (Қайыңда алма өспейді).
3. Тепсең-ақ секіріп,
Ұстатпай қашады.
Бір жерге бекініп,
Тұра алмай сасады. (доп).
4. Күн мен түн қалай басталады? (кезекпен)
5. Адам есектен неге құлайды? (жерге).
6. 10 ешкіден 5 қойды алсақ, неше ешкі қалады? (10)
7. Адам несіз өмір сүре алмайды? (ауасыз, сусыз, тағамсыз).
8. Сен және мен, біз екеумуз қосылсақ қанша боламыз? (екеу)
9. Алманың жартысы неге ұқсайды? (жарты алмаға)
10. Қарға ұшады, ал ит құйрығына отыра ма? (Ит жуас болса, құйрығына қарға қонып отырады).
Математика:
Сәлемет пе достарым?
Сабағы боп жоспардың.
4 амалды қолданған,
Математика достарың.
Хормен: Сәлеметсіз бе, математика!
Математика:
--Ал балалар, математикадан не үйренгендеріңді көрсетіңдерші? Сан құрамдарын сұрау. 5,6,7,8 сандарының құрамын атаңдаршы?
Енді қызықты есептерді шығарып көрейік
Бес асықтың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады. 5-3 2
Ағаштағы төрт алмұрт,
Піскен екен тимей құрт.
Самат алып екеуін,
Қалдырған екен нешеуін? 4-2 2
Қазып жүр құмды бес мысық,
Үшеуі жатыр күн ыстық.
Екеуі жүр шомылып,<

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: