алалар біз математикадан да білімімізді көрсеттік. Ендеше Әліппеменде қоштасатын кез келді Әліппе бізге қанша нәрсе үйреткен екен. Әліппенің арқасында жазуға, өз бетімізбен оқуға сөз,сөйлем құрауға дағдылындық. Ендеше, әліппеге не деуіміз керек?
Хормен: Жақсы кітап Әліппе
Қош бол құтты Әліппе
Ән: «Рахмет саған әліппе» хор
Мұғалім:
-Балалар, әрі қарай бізге Әліппенің орнына АНА ТІЛІ келеді.
-Қарсы алайық, танысайық
Ана тілі сөйлейді:
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымымын.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін.
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
-Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.
Мұғалім:Ана тілі балалардың өнерін тамашалаңыз.
Арайлым:
Ақылындай дананың
Асылындай сананың
Ана тілі арымыз
Ақ сүтіндей ананың
Алмажан:
Біз -атаның ұлымыз,
Біз- ананың гүліміз.
Адамдыққа үйреткен
Асыл ана тіліміз.
Диас:
А-дан бастап шыр шерткен
Барлық пәнді үйреткен.
Ардақтап біз оқимыз,
Ана тілін құрметпен
Мен сендерге жұмбақтар айтайын, сендер шешіңдер:
1. Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама (кітап)
2. Тақтада жазып, жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған (бор)
3. Үйреткен білімді,
42 білімді (алфавит)
4. Алты түрлі түсі бар,
Сурет салар ісі бар (қарындаш)
5. Бір үйге көзсіз боп басың сұғасың,
Бұл үйден көреген болып шығасың. (Мектеп)
-Рахмет, балалар, жарайсыңдар!
Көрініс: «Дымбілмес»
әріптерге байланысты жұмбақтарын шешіп көрейікші.
1. Қос бүйірін тіреніп, Тұрады ылғи шіреніп. ( Ф )
2. Үш шырпыдан бір есік, Құрастырып көр шешіп. ( П )
3. Сақинаға қарайық, Ұқсайды оған қай әріп? (
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>