Күз молшылық береке

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: "Күз- молшылық береке"
Мақсаты:
Білімділік: Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Жапырақтардың түсінің өзгеруі, жемістердің пісуі туралы және ой- өрісін дамыта отырып, есте сақтау қабілетімен тілін дамыту. Адамдардың күзгі еңбегі туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Өсімдіктерді күтіп- баптауға және табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Суреттер, слайд, әр-түрлі құмдар, таяқшалар.
Триз технологиясы ойын: "Жеміс жидектерді сипатта"
Тәрбиеші: Балалар бізге бүгін көптеген қонақтар келіп отыр. Қане амандасайық.
Балалар: Салематсызба
Тәрбиеші балалармен шаттық шеңберін құрады.
Шаттық шеңбері:
Ауадан қуат алайық, алақанға салайық
Жерден нәр алайық, алақанға салайық
Күннен шуақ алайық,
Күн шуағын достарымызға сыйлайық.
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар, орнымызға отырайық. Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Күз мезгілінің белгілерін айтайықшы.
Балалар:
-Жаңбыр жиі жауады.
-Адамдар қалың киінеді.
-Жапырақтар сарғайып жерге түседі.
Слайд бетінен көңілсіз ақ қоянның бейнесі шығады.
Тәрбиеші: Ой, балалар мына қояннан сұрайықшы неге көңілсіз екен?
Қоян: Мен көңілсіз болып тұрғаным жаз мезгілі бітіп, көңілсіз күз мезгілі келді. Енді мен секіріп арқайын күн шуағына ойнай алмаймын. Күз мезгілі маған ұнамайды.
Тәрбиеші: Ой ақ қоян мұңайма, біз сенің көңіліңді көтереміз. Жыл мезгілінің жаманы болмайды. Күздіңде өз қызықтары бар. Қане, балалар күз мезгілі туралы тақпақ айтып берейкші.
1-бала:
Алтын - сары, қызыл- көк
А

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: