Күз молшылық береке

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

луан- алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
2-бала:
Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет тамаша,
Қандай әсем күз.
3-бала:
Күзде жауын,бұлт тұман,
Сары жапырақ жауады!
Сары құйын ұйытқан,
Сапырады ауаны.
Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар. Енді орнымызға жайғасайық.
Көктем мезгілінде жер жыртылып, тұқым себіледі. Жаз мезгілінде адамдар аянбай еңбек етеді. Күз мезгілінде барлық жемістер мен жидектер, көкөністер, бидай пісіп жетіледі. Бидайды комбайнмен орып жинайды. Бидайды диірмендерде тартып ұн жасайды, ал ұннан нан пісіріледі. Көкөніспен жеміске келетін болсақ олардың адам ағзасына тигізетін пайдасы мол. Олар пайдалы дәрумендерге бай . Енді балалар көкөністерге не жатады ?
Балалар: Қызанақ, қияр, сәбіз, картоп, асқабақ,тәтті бұрыш т. б
Тәрбиеші: Жемістерге не жатады?
Балалар: Алма, алмұрт, апельсин, шабдалы, анар,жузім банан т. б жарайсыңдар
Егілген бір дән мың дән болып қайтады. Сондықтанда "Күз молшылық береке " деп атайды.
Балалар сендерге жұмбақ жасырамын.
Аласа ғана бойы бар,
Қабат- қабат тоны бар. (Қырыққабат)
Жер астында темір қазық (Сәбіз)

Пішіні оның домалақ
Көміп қойдым сығалап. (Картоп)
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар! Енді ойын ойнайық балалар.
Әуенді- қимылды ойын. "Көкөністерді әнге қосайық"
Шарты: Экранда қырыққабат пайда болады, балалар қолдарындағы таяқпен турағандай дыбыс шығарады. Одан кейін сәбіз ,осылай жалғаса береді.
Мақсаты: Балаларға көкөністердің қалай туралатынын, сыртқа қандай дыбыс шығатынын ұғындыру. Оларды сергітіп қимыл- қозғалыс жасауға үйрету.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы Ақ қоянның көңіл күйі көтерілген сияқты. Ой балалар, мынау келе жатқан кім?
Балалар: А

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: