қ қоян.
Ақ қоян: Балалар, сендердің әуендеріңді естіп келе жатырмын. Күз мезгілінің де өз қызықтары бар екеніне көзімді жеткіздіңдер. Рахмет
Триз технологиясы бойынша ойын: "Жемістермен көкөністерді сипатта"
Шарты: Жерде жемістермен көкөністер жатады. Балалар әуенмен айналып жүреді,әуен тоқтағанда тоқтап қалады. Қай жемістің тұсына тоқтаса, соны сипаттап береді.
Мақсаты: Балалар көкөністермен жемістерді айыра білуге,қандай дәмде екенін айтып беруге үйрету.
Ақ қоян: Ал балалар енді мен сендермен бирге тақпақ айтқым келеді. Барлығымыз бірге айтайық.
Алма пісті,
Алмұрт пісті,
Алша пісті,
Жерге түсті.
Қияр пісті,
Қарбыз пісті,
Қауын пісті,
Қандай күшті
Жидектердің
Татып дәмін
Жемістердің жейміз бәрін.
Тәрбиеші: Балалар Қоянға сыйлық берейік. Оның сүйікті асы не балалар?
Балалар: Сәбіз
Тәрбиеші: Ендеше балалар құммен сәбіздің суретін салайық. Сурет салынып, қоянға сыйға беріледі.
Аққоян: балалар сендерге көп рахмет, менің көңіл- күйімді көтердіңдер. Күз мезгілінің тамаша екенін көрсеттіңдер. Сау болыңдар.
Қорытындылау: Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатынастыңдар. Бізге қонаққа не келді?
Балалар: Қоян.
Тәрбиеші: Біз бүгін не туралы өттік?
Балалар: Күз мезгілі туралы
Тәрбиеші: Көрдіңдер ме? Балалар, күз мезгілі тамаша. Жеміс жидектердің пісетін уақыты, астықтың молайып, қамбаға толатын кезі. Ағаштар сарғайып, алтын түске енеді. Балалар сендергеде, келген қонақтарға да көп рахмет, сау болыңдар!
Страницы: << < 1 | 2 | 3