Күй құдіреті

Страницы: <<  <  18 | 19 | 20 | 21 | 22  >  >>

калық көне ескерткіші. Енді ежелден түркі халықтарына тән болып келген сәулеттік құрылыстарға байланысты бірнеше атауларға тоқталып өтейік.
Мавзолей - монументтік бейіттердің аты.
Медресе - мұсылмандардың ең жоғарғы рухани мектебі.
Мешіт - мұсылмандардың діни ғимараты.
Мозаика - түрлі түсті ұсақ тастардан, боялған әйнектен, смальтадан, жылтыр керамикадан құрастырылып, сыртқы қабырғаға салынған сурет, өрнек.
Мұнара - көк аспанмен таласқан цилиндр тәріздес конструкциялық құрылыс.
Жалпы қазақ халқының сәулет өнерінде ғимараттар мен кесене құрылыстары күмбезделініп салынады.
Күмбез өзінің сипаты жағынан әр түрге бөлінеді. Олар: шеңберлік күмбез, сына бейнелі күмбез, баспалдақты күмбез, жұлдызды күмбез, т. б.
Сәулет өнеріндегі түр-түс сәулеттік (архитектуралық) көркемдікке қол жеткізу құрылыстарының бірі болып саналады. Сәулеттік ғимараттардың көркем безендірілуі басты рол атқарады. Орта Азия мен Қазақстан жерінде шаһарлар (қалалар) ежелден-ақ пайда болған. Бұл - сәулет өнерінің куәсі. Атап айтқанда олар: Бұхара, Самарқан, Отырар, Баласағұн, Түркістан, Тараз, Құлан, т. б. Әсем қалалар халықтың көңіліне ұялап, еңсесі биіктей түсті. Қазақ халқы үшін екінші Меккеге айналған Түркістан шаһары болды. Түркістан төңірегінде Қарнақ, Сауран, Сығанақ, Аққорған, Өзкент, Созақ, Шолаққорған, Құмкент, Бабаата, Саудакент, Сүткент тәрізді үлкенді-кішілі қалалар болған. Мұның бәрі - сәулеттік салтанатты өнеріміздің даму ерекшелігінің тарихы. Кезінде атақты суретші В. Верещагин Түркістан қаласының көрінісін бейнелеп, көркем шығарма жазған. Түркістан қаласында орналасқан сәулет ғимараты үйлесімді жоспармен салынған. Бұл тек зират болуымен шектелмейді, мешіт, медреселік қызмет атқарған. Кітапхана мен Ақсарай бөлмелерінің төбесі көлденең аркалармен жабылғ

Страницы: <<  <  18 | 19 | 20 | 21 | 22  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: