Күй құдіреті

Страницы: <<  <  175 | 176 | 177 | 178 | 179  >  >>

штық энергия алатын өмір бастауы болса, аспаптың даму әуендері музыка дыбыстарын біріктіріп тала жүйесін кұрады. Космологиялық музыка Күн жүйесінің негізгі 7 ғаламаттарына бағытталып, октаваның дыбыс қатынастарының жарты тонынан кіші 22 дыбыс болатын шрути шығарған. Әрбір музыкалық дыбысқа орай ақындық символдық бояу түстерін тапқан. Соған орай Вадиименсамвади өнерін тауып, белгілі образдардың сезімі мағынасында қолданған. Солтүстік Үнді музыка жүйесі 10 бапты -- тхата, ал оңтүстіктегілер 72 бапты -- мела музыка жүйесін қолданады. Классикалық аспаптар: ішекті-шертпе -- вина, ситар, сарот, тампура, қылішекті -- саранги; үрмелі -- сырнай, шехнай мен нагасварам, кішкене фисгармоидар; ұрмалы -- пакховадж, мриданга. XIII ғасырдан бастап Солтүстік Үнді мәдениетінде Алдыңғы және Орта Азия мұсылмандық көркем-өнер әсері байқалды. Үнді классикалық музыкасы 2 бағытта дамыды, Солтүстікте хиндустани бағыты сырттан енсе, Оңтүстікте -- карнатак бағыты Үнді халқының дәстүрлі бағытында болды. Олардың бір-бірінен өзгешелігі ерекше болмағанымен де орындаушылық дәстүрде әр түрлі жанрдағы өзгерісі сезілді. Оңтүстік Үндіде вокалды музыка (ән) басым болса, Солтүстікте аспапты музыка бара-бара белгілі жанрға айналды. Оңтүстік музыкасының негізі діни әндер -- киртан мен пада, XVII ғасырдағы Кшетрайна, XVII ғасырда екінші жартысы мен XIX ғасырда бірінші жартысындағы өмір сүрген Шъяма Шастри секілді ірі музыка қайраткерлері еңбектерінен орын алды. Содан соң жеңіл классикалық музыка түрі тиллана (XVIII ғасырда), джавали (XIX ғасырда) пайда болды. Солтүстік Үнді классикалық музыкасы жанрында белгілі орын алған салтанатты әнұран дәстүрі туды: XVI ғасырда -- Дхрупадтың өркендеуі, XVI -- XVII ғасырларда Миан Тансеннің шығармаларымен байланысты.
Ауылдық музыканттар
Жеңіл классикалық музыка Сол

Страницы: <<  <  175 | 176 | 177 | 178 | 179  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: