меңгерту
Үнді музыкасы -- әлемдегі ең көне, өзіндік келбеті бар ырғақ. Ол бастауын сонау біздің заманымызға дейінгі III ғасырдағы Махенджо Даро мен Хараппа өркениетінен алады. Үнді музыкасының дамуына (біздің заманымызға дейінгі алғашқы мыңжылдықтың бірінші жартысы мен екінші жартысының аяғы) Үнді әдеби ескерткіші Веданың әсері болды. Ол кезден Регвиданың (әнұран недасы) касиетті мәтіндері және одан ырғақ байлығы мол Самаведа (веда саз) әнұраны үлгілі болып есте қалды. Осындай дәстүрлі ведалық әуендермен қатар халықтық өнер түрлері де дамыды.
Вина музыкалық аспабы
Үнді фольклорының түрлік, жанрлық, ритмді-қалыптық бай касиеттері көп тілді, көп ұлтты Үнді елінің құрамына байланысты. Олардың ішінде тарихи сюжеттерге негізделіп, киял-ғажайып әлеміне сәйкес жасаған балладалары -- Махараштрадағы лаванналар мен повадалар, Гуджараттағы билеп, ән салу рәсімдегі -- гарба мен Мадхья-Продештегі -- суа, Кераледегі -- колаттам, Кашмирдегі -- Чакри, Бенгалиядағы лирикалық әндер -- бхатиали, Пенджабтағы -- дхола, Раджастандағы -- панихари, Пенджабтағы -- махитъя, Уттар-Прадештегі -- каджари билері бар. Соқпалы аспаптар құрамында дхол, охолак, дамару, удуккаи, даф, тамматаи, каиджира, гуммати, нагара, үрмелі аспапта -- комбу, сингх (мүйіз тектес), тиручиннам, карна (қуыс турба) -- бансури, мурали, нагасар (сырнай), нафери бар. Ішекті аспаптар -- эктар, дотара, тунтуне, джантар, ішекті-қылды аспаптар -- камайча, банам, саринда. Классикалық музыка өнерінің түрлері сонау VII ғасырдан бастап етек алып, әрбір ақсүйек сарайында аулада орындалып, кейін храмдар мен сарайлардағы дәстүрлі ұлттық музыка ретінде қалыптасады.
Мриданга - Үнді барабаны
Үнді классикалық музыка өнерінің негізі "рага" болып, көпұлттық (көпшіліктік) салттарды қалыптастырды. Нада әуені ғары
Страницы: << < 174 | 175 | 176 | 177 | 178 > >>