түстік Үнді жерінде вокалды өнердің тхумри, газал, дадра, таппа, тарана секілді түрлерін тудырды. Солтүстік және Оңтүстік музыка дәстүрлеріне қатар ден қойған Свати Тирунал (XIX ғасырда) болды. Үнді көркем өнеріне тән қасиет -- өнердің барлық түрінің араласқан синтездік бағыты. Вокалды ән мен хореографиялық өнер жанрлары Үнділік дәстүрлі музыкада туындап, Джатра, Якшагана, Тамаша тәрізді музыкалық театрларға негізделді. Олар Үнділік классикалық стильдегі билер -- бхарат, натъям, катхакали, манипура түрлеріне негіз болды. Үнді еліндегі колонияға қарсы ұлт азаттық қозғалыс (XIX ғасырда бірінші жартысы -- XX ғасырда ортасы) ұлттық музыка мәдениетінің жаңа маңызды кезеңіне себеп болды. Оған атакты ағартушы, жазушы, музыкант әрі суретші Р. Тагор шығармашылығы тікелей байланысты. Ұлттық интеллигенция арасында ұлттық музыка мәдениетін зерттеу, мұралық еңбектерге арналған бүкіл Үнді музыкасын камтитын конференциялар өткізіліп, ән жинақтары, классикалық, тарихи және теориялық антологиялар шығарылады. Музыкалық оқу ағарту жүйелері бірізділікке түсіп, түрлі нота жазу, т. б. оқу формалары дамыды. 1928 жылы Мадраста Музыка академиясы, 1930 жылы Кералада Өнер орталығы, 1932 жылы халық өнерін сақтауға бағытталған Бенгал коғамы құрылды, 1901 -- 1908 жылдары Лахорда Гандхарва Махавидьялай музыка институты, 1939 жыл Делиде осы атаумен жаңа институт ашылды, Музыка мәдениеті дамуына елеулі үлес қосқан Вишну Нарайяна Бхаткханда, Вишну Дигамбар Палускардың рөлі ерекше болды. 1947 жылы Үнді елі өз тәуелсіздігін алуымен музыкасы өнерінің дамуының жаңа кезеңі басталды. Сахна өнері де даму үстінде болып, Шила Ватстың "Құрғаған жер" атты спектаклі қайта қаралып, тәуелсіздік тұрғысынан өңделіп шығарылды. Сондай-ақ Гулам Хайдардың "Берілмеген Пенджаб" қойылымы, С. Шанкараның &qu
Страницы: << < 176 | 177 | 178 | 179 | 180 > >>