уына әкелді. Куньцюй ақсүйектер мен зиялы қауымының театры болып саналды. Бұл театрдың пьесалары, көбінесе лирика-тұрмыстық тақырыпта болып және орындаушының вокал және би техникасының жоғары дәрежесімен ерекшеленеді. Қоғамның таңдаулы адамдарына арналғанына байланысты XVIII ғасырдың аяғында бұл театр құлдырай бастайды. Кунь-шань театры жоғары драматургияны, керемет музыкалық, сахналық және актерлік өнерді біріктірген жаңа театрлық түр әкелді.
Куньцюй жанрының дамуына кейін куньцюй театрының вокалдық теориясына айналған "таза ән айту" куньцян теориясын айтып кеткен "Цюй Люй" ("Арияның метрикалық заңдылықтары") атты шығарманы қалдырған танымал актер әрі композитор Вэй Лян-фудың рөлі зор болды. XVIII ғасырдың ортасы мен аяғында куньцюйдің басты орталықтары Янчжоу және Пекин қалалары болды. Осы XVIII ғасырдың аяғында жаңа театр жанры, кейін қытайдың кәсіби театрының жалпы ұлттық түріне айналған -- Пекиндік музыкалық драма пайда болды. Пекиндік музыкалық драмада көптеген жергілікті жанрлар бас қосты, солардың ішінде куньцюй ерекше орын алды. XIX ғасырдың ортасында Пекиннің музыкалық драма театры (Пекиндік, немесе астаналық опера) барған сайын Қытайдың классикалық драмасының ұлттық театр сипатын алды. Классикалық театрдың күрделі мәдениеті үлкен көркемдік өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл театр спектакльдерінде декорациялық безендіру мүлдем жоқ болды. XVII -- XIX ғасырларда көптеген жергілікті театрлар: банцзы, цинъ-цян, юэцзюй, т. б. кұрылды. XIX ғасырда сол жергілікті театрлар негізінде пекиндік музыкалық драма (цзинси) дүниеге келді. Бұл кейінірек Қытайдың жалпы ұлттык классикалық музыкалы драмасына айналды. Қытай театрының негізгі сипаттары осы цзинсида толық қамтылған.
Белгілі бір затты қиялда елестету арқылы ойн
Страницы: << < 167 | 168 | 169 | 170 | 171 > >>