Күй құдіреті

Страницы: <<  <  166 | 167 | 168 | 169 | 170  >  >>

зыканттар мен бишілер, әншілер дайындайтын "Алмұрт бағы" ("Лиюань") атты театр мектебі құрылды. X -- XII ғасырларда театр одан әрі дами түсіп, кәсіби актер труппалары пайда бола бастайды. Бірінші драмалық форма -- комедиялық импровизациялық көріністер цзацзюй (араласқан ойын-сауық) пьесалары болды.


XIII -- XIV ғасырларда қытай театры кемелдене түсті. XIII ғасырда цзанцуй драмасы кең етек жаяды. Бұл пьеса төрт актіге бөлінеді, оған айқындық пен композиция қарапайымдылығы, тартыс шиеленісі тән. Әр акт -- бір әуеннен, бір әнші-кейіпкерден тұрады. Қытай драмасы екі бағытта дамыды. Цзацзюй пьесалары солтүстік бағыттагы театрға (бэйцюй) жатады. Бұл жанрда Гуанъ Ханъ-цин ("Доу Э љкпесі"), Ban Ши-фу ("Батыс флигель"), Бо Пу ("Платандағы жаңбыр"), т. б. драматургтер жазды. Юань заманындағы цзацзюй театры сахнасында ең басты орындаушылар -- әйелдер болды, бұл басқа театр жанрларынан XX ғасырдың 30-жылдарына дейін осымен ерекшеленіп келді. Бұл мезгілде оңтүстік бағыттағы театрлар (нанъси) дами бастады. Наньсидің драмалық формасы чуанъци деп аталды. Бұнда композицияның, пьеса көлемінің және әуендер санының (әр актіде бірнеше әнші-кейіпкерлер) тұрақсыздығы байқалды. XIV -- XVII ғасырларда драматургияға қатал цензура тағайындалды, бірқатар спектакльдердің қойылуына тыйым салынды. Қытай театрының әрі қарай дамуы бірнеше жергілікті театр жанрларымен байланысты. Олар Цзянси провинциясының Цянь театры мен сол провинцияның Куныпань уезінің Куньцюй театры болды. Цянь театрындағы спектакльдер тұрмыстық тақырыптағы, кейінірек танымал романдарының инсценировкасы бойынша жасалған қойылымдар болды (мысалы, Учен-эньнің "Батысца саяхатшысы"). Тарихи көріністерді сахнаға шығару акробатикалық және фехтовалдық техниканың дам

Страницы: <<  <  166 | 167 | 168 | 169 | 170  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: