иалогы.
Оқушылар бір-біріне саққұлақты бере отырып, сұрақ қояды, жауап береді.
Тапсырма 2. "Ой қозғау" стратегиясы бойынша тақырыпты ашу.
"Мұғалім-оқушы" диалогы.
Әтірді бөлме ішіне себу арқылы оқушылардан не байқағанын сұрау.
2) Түсіну. (10 мин)
Тапсырма 1. Мысалдар, электронды оқулық қолдану, флипчарт арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру. (5 мин)
(Сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сияқты түрлерін қолдану)
Заттар молекулалар мен атомдардан тұрады. Атомдар ядро мен электроннан тұрады. Ядро протон мен нейтроннан тұрады.
Электронның электр заряды элементар заряд деп аталады. Электрон заряды теріс және оны е әрпімен белгілейді.
е 1,610-19 Кл
m9,110-31 кг
Ядроның заряды оң және абсалют мәні бойынша атомдағы барлық электрондардың зарядына тең. Тұтас алғанда, атомда заряд болмайды, яғни ол - бейтарап.
Атом электрондарының біразын жоғалтса, онда ол оң зарядталып, оң ион деп аталады.
Атомға артық электрондар келіп түссе, онда ол теріс зарядталып, теріс ион деп аталады.
Өз тәжірибелерінде Кулон жіңішке серпімді сымға ілінген және шыны цилиндр тәріздес ыдысқа орнатылған шыны таяқшадан тұратын қондырғыны қолданды. Таяқшаның бір ұшына кішкентай металл шар , ал екінші ұшына оны теңгеріп тұратын жүк бекітілген. Саңылау арқылы дәл сондай шар енгізіледі. Шарларды оң зарядтасақ олар бір- бірімен әрекеттеседі.
Кулон заңы: Қозғалмайтын екі нүктелік заряд вакуумде зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен әрекеттеседі.
Fkq1q2/r2 k9109 Нм2/Кл2
Тапсырма 2. "Термометр жайында біз не білеміз?"
(Қабілетті оқушыға қосымша тапсырма беру арқылы оқушылардың өздерінің ЖАДА-ғын қалы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>