, жемісті әрі бақытты өмір сүру үшін адам баласы өмір бойы түрлі дағдыларды үйренумен болады.
Сізге осындай дағдыларды үйренуге мүмкіндік туғанын қуанышпен жариялаймын.
«Өзін- өзі таныстыру» жаттығуы.
Мақсаты: Өз «менін» қалыптастыру, көпшілік алдында өзін еркін сезінуі үшін.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Әр оқушы өз есімдерін және өмірлік ұстанымдарын айтады.
Мысалы:
- Өмір ағымынан қалмау;
- Әрдайым білімге талпыну;
- Әрқашан жақсылық жасау;
- Биікке ұмтылу т. б.
«Ой қозғау» жаттығуы. Топқа бөліну бойынша тақырыптың маңызын ашу (постер қорғау)
Құрметті оқушылар, міне біз бүгінгі тақырыбымызды тереңірек талдау үшін сіздерге арнайы сауалдар беріп, топтық жұмыс арқылы бірге талқылайтын боламыз. Енді әр топтың басшылары ортаға келіп сұрақтарды таңдап, алуыңызды сұраймыз. Ең алдымен«Көшбасшы деген кім? Көшбасшы қандай қасиеттерге ие болуы керек? Қалай көшбасшы болуға болады?» деген сұрақтарға жауап іздеп, осы сұрақтарды топта талқылап, Күн сәулесінің шуағына жазайық. Сұрақтар:
1. Көшбасшы деген кім?
2. Көшбасшы болу үшін қандай қасиеттерге ие болуы керек?
3. Көшбасшылық: бұл қасиет оқушыға қаншалықты қажет және маңызы қандай?
4. Өздеріңізді көшбасшымын деп сезінесіз бе?
Түйін: Көшбасшы Күндей айналасына жылу береді.
«Менің бойымдағы сіздер білмейтін қасиет . . . » жаттығуы.
Мақсаты: оқушылардың қабілеттері мен өнерлерін шыңдау. Оқушылар ортаға шығып өздерінің таң қалдыратын қасиеттерін ортаға салады.
Түйін:Бойымыздағы бар жақсы қасиеттерімізді бағалап, талантымызды талабымызбен ұштап, жігерімізді қайратымызға серік етіп, әрекет етсек, алынбайтын қамал болмайды.
Ақпарат «Талапқа сай көшбасшы».
Көшбасшының бойында көп қасиет бар десек те, ішінен ең негізгісін атап көрсетуге бола
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>