«13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесі
Психологиялық тренинг
Тақырыбы: «Көшбасшы болуға ұмтыламыз»
Дайындап өткізген: Педагог-психолог Б. Дармағамбетова
Қатысушылар: 4-сыныптар
06. 01. 2016ж
Жаңаөзен-2016ж
«Көшбасшы болуға ұмтыламыз»
Психологиялық тренинг
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының көшбасшылық қабілетін дамыту, көшбасшының ерекшелігі мен жауапкершілігін, оның этикалық нормаларды сақтауын қалыптастыру
Топқа бөлу:Әр түрлі жемістер арқылы топқа бөлу
Топ ережесі:Уақытты тиімді пайдалану, тыныштық сақтау, сөзді бөлмеу, кезектесіп сөйлеу, әр топ өзінің топ басшысын сайлау.
Тaпcырмaлaрдың түрлeрi:Тaпcырмaны oрындaу бaрыcындa қoлдaнылaтын тәciлдeр (пocтeр жacaу, пiкiрлecу, oй бөлicу)
Психологиялық дайындық.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Бас иіп бүгін бәріміз.
Ұйымдастыру. Психолог сөзі.
«Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт- дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық». Н. Ә. Назарбаев
Көшбасшы(ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді)- нақты формальды және формальды емес ұйымдағы бір адамның басқа адамға немесе топқа әсер ету арқылы басқарудың көрінісі.
Көшбасшы өзінің жаңа идеясымен, алға қойған мақсат мүддесімен ерекшеленеді. Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам бойында біркелкі қалыптаспайды, себебі әр тұлғаның өзіне тән даму ерекшеліктері бар.
Біздің Ғасырымыз жаңа технологиялардың дәуірі болуымен қатар, өзін-өзі тану мен бойындағы қасиеттерді дамыту Ғасыры болып табылады. Заманымыз секунд сайын өзгеріп отырғандықтан
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>