у нәтижесін анықтау үшін жиынтық бағалауды қолданамыз.
Белгілі бір бөлім бойында қалыптасқан білімдердің қандай дәрежеде меңгерілгендігін тексеру мақсатында жиынтық бағалау қойылады. Жиынтық бағалау бір оқу кезеңін аяқтағанда балл және баға қою арқылы оқу нәтижесінің ілгерілеуі туралы ақпарат беру үшін өткізіледі. Өтілген лексикалық тақырып аясында алған білімдерді өмірде қалай қолдана алатынын айқындайтын жағдаяттар арқылы жиынтық бағалау алынады. Бөлім, ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижесінде оқушының оқу жетістігінің деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді. Әр тоқсан сайынғы жиынтық бағалауға модерация ұйымдастырылады. Модерация бағалау әділ, нақты, шынайы болып, оқу жетістіктерінің сенімді болуын қамтамасыз етеді.
Қорыта келгенде, оқушы қажеттіліктері мен қабілеттерін ескеретін, оқу жетістігін жақсартатын бағалаудың тиімді түрі - критериалды бағалау. Себебі оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынас орнатылып, баланың сенімсіздігі жойылып, мүмкіндіктерінің артуына жол ашылады. Алдағы уақытта жалпы білім беретін мектептер жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша критериалды бағалауды басшылыққа алғаны жөн. Себебі осы бағалау үдерісінде нақтылық, дәлділік, әділдік жатыр. Сондықтан да жаңа оқу жылында жаңартылған бағалау жүйесін тиімді де ұтымды пайдалануға тілектеспіз.
.
Страницы: << < 1 | 2 | 3