Критериалды бағалау

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

аннан түсінеді, екіншісі қолдану барысында түсінеді, үшіншісі мәселеге баға беру кезеңінде толық игереді. Сондықтан да бағалау осы кезеңдердің ең соңғысында өткізілгені дұрыс.
Дәл осы жағдаймен оқушы да кездеседі. Олардың да жаңа білімді игеруде ойлануға, ой елегінен тұжырымдап өткізуге, өз үнінің қалыптасуына және оны жарыққа шығаруына біршама уақыт керек және осы орайда баланың қабылдау ерекшеліктерін де ескеру қажет. Сондықтан да оқушыларды бағалау соңғы кезеңде жүргізілуі тиіс. Бұндай бағалауды қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы жүзеге асыра аламыз.
Қалыптастырушы бағалау кері байланыс әрекеті арқылы оқыту үдерісін уақытында түзетіп отыруға және сабақты әрі қарай тиімді жоспарлауға өз ықпалын тигізеді. Қалыптастырушы бағалау негізінде оқу үдерісі екі жақты (мұғалім тарапынан да, оқушы тарапынан да) жетілдіріліп отырады. Оқушы білімін түсіну, қолдану, саралау кезеңдерінен өтеді. Әр сабақтағы орындалған тапсырма - оқушының қай жерде екендігінің дәлелі. Анықталған қателіктер бойынша кері байланыс жасау арқылы мұғалім жаңа білімнің қаншалықты деңгейде игерілгенін аңғарып, келесі сабақтарда кемшіл тұстарға назар аударатын, баланың жеке ерекшеліктері ескерелетін тапсырмалар әзірлеп, оқушының алға ілгерілеуін қамтамасыз ететін оқу әрекеттерін құрады.
Қалыптастырушы бағалау оқушы үнін шығаратын қолайлы орта жасауда тиімді. Балаға қателесуге, қорықпай жауап беруге, тәуекелге баруға мүмкіндік берілуі тиіс. Әр оқушының пікірі құнды. Сондықтан да баланың ішкі уәжін жоғалтып алмау үшін "дұрыс емес", "қате" деген сөздерді қолданбағанымыз жөн. Себебі қалыптастырушы бағалауда нәтиже баға ретінде тіркелмейді, тек оқытуды жетілдіруге қажет ақпарат, нұсқау беріледі. Білімдерді қалыптастырушы бағалаумен реттей отырып, бөлім бойынша алған оқ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: