Критериалды бағалау

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Оқушылардың оқу үлгерімін арттыруда критериалды бағалаудың маңызы қандай?

Кулашева А. К. , Туранова М. А. ,
Тусыпбаева Д. К. , Туспекова А. О,
Тынысбекова Д. К. , Охан М.

1. Қазіргі бағалау жүйесін реформалаудың қажеттілігі
2. Критералды бағалаудың түрлері, ерекшеліктері
3. Критералды бағалаудың оқушылардың үлгерімін жақсартудағы әсері

Заманауи талаптарға сай білім беру үдерісіне бағалау реформасы түріндегі жаңашылдықтарды еңгізу қажет. Қазіргі кездегі дәстүрлі бағалау жүйесі оқушы мүмкіндіктерін толық ашуға, білім алушыларға қолайлы орта қалыптастыруда тиімсіз екенін көрсетті. Себебі оқушылардың білімін сабақ соңында бірден бағалау баланың қабілеттерін дамытуға, жеке ерекшеліктерін ескеруге толық мүмкіндік бермейді. Күнделікті ағымдық баға қорытынды бағаға әсер етеді. Мысалы, бүгін оқушы әр түрлі объективті себептермен сабаққа дайындалмай келіп, "екі" деген баға алды, бірақ келесі сабақта бес алды. Дегенмен алдында алған төмен бағасы оқушының қорытынды бағасына кері ықпалын тигізеді.
Біз педагогикалық біліктілікті жетілдіру курсында жаңартылған білім беру бағдарламасы туралы жаңа ақпаратты алуда теориялық білімімізді алғашқы күндері бірлесе оқып, зерттей оқып, қалыптастыра бастадық. Алайда курстың кейінгі күндерінде тәжірибе жүзінде тапсырмалар орындау үдерісінде күтпеген қиыншылықтармен кездестік. Бұдан шыққан қорытынды тыңдау, түсіну бір бөлек, өмірде оны ұғынып, қолдану мүлдем өзгеше. Белгілі бір мәселені (оқу мақсатын) толық түсініп, қолданып, талдап, баға беру бір сабақ көлемінен артып кететін уақытты қажет етеді. Яғни, жаңа білімді алу процесі алғаш қабылдау кезеңі, практикалық қолдану кезеңі, бағалау кезеңінен тұратыны анықталды. Адамдардың қабылдау ерекшелігі де әр түрлі. Мысалы, біреу айтқ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: