рдың қорға жинақталуы.
Мақсаты: Жасушаның құрамында органикалық және бейорганикалық заттардың болатынына тәжірибелер жасай отырып көз жеткізу.
Міндеті: Ағзалық және бейағзалық заттардың түрлері мен қасиеттері жайлы мағлұмат беру; Алған білімдерін өмірмен байланыстыру арқылы сыни тұрғыдан танымдық қабілеттерін дамыту; Оқыту барысында теорияны практикамен ұштастыру.
Қолданылатын модульдер:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;АКТ-ны пайдалану; Талантты және дарынды балаларды оқыту;Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Стратегиялар: "Диалогты оқыту", "СТО элементтері", "Өзін-өзі реттеу".
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру
(1-2 минут)
Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа деген сенімділіктерін арттыру.
Сәлемдесіп, бар ынта-зейінін сабаққа аударады.
Тұсау кесер
(15 минут)
Ауызша сабақ сұрай отырып, кейбір оқушыларға таратпа материалдар беру арқылы алған білімдерін тиянақтау.
Өткен тақырыпты оқушылар ауызша айтады. Бір-біріне сұрақ қоя отырып білімдерін тексереді.
Суммативті бағалау
Деңгейлік сұрақтар
Негізгі бөлім
(20 минут)
Органикалық және бейорганикалық заттардың жасуша құрамында болатынын дәледеу мақсатында тәжірибе жұмысының ретімен таныстыру.
Жұппен түлі тәжірибелер жасай отырып, жасушаның құрамында болатын заттарды бақылайды.
Оқулық, тәжірибе жасауға арналған құрал-жабдықтар.
Қорытынды
(5 минут)
Органикалық заттарға не жатады? Бейорганикалық заттардың маңызы қандай? және т. б.
Үй тапсырмасы. "Ағзалық және бейағзалық заттар" тақырыбында қосымша материалдар іздеу.
РЕФЛЕКСИЯ
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>