Координаталық жазықтық

Страницы: <<  <  66 | 67 | 68 | 69 | 70  >  >>

br/>Күні:
Сабақтың тақырыбы: Санды теңсіздіктерді қосу және азайту
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Санды теңсіздіктерді қосу және азайту ережелерімен таныстыру және ережелерді пайдаланып есептер шығару дағдыларын дамыту.
Дамытушылық: Өз бетінше еңбектену белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Өткен тақырыпты қайталау:
- Санды теңсіздіктің бір жақ бөлігін оның екінші жақ бөлігіне орын ауыстырғанда теңсіздік белгісі қалай өзгереді?
- Санды теңсіздіктегі қосылғышты оның бір жақ бөлігінен екінші жақ бөлігіне қалай көшіруге болады?
- Санды теңсіздіктің екі жақ бөлігін де бірдей теріс санға көбейтсек немесе бөлсек, теңсіздік белгісін қалай өзгерту керек?
ІІ Жаңа тақырып:
- Санды теңсіздіктерпді қосу:
Теңсіздік белгілері бірдей теңсіздіктерді мүшелеп қосуға болады. Қосынды теңсіздіктің теңсіздік белгісі қосылғыш теңсіздіктердің теңсіздік белгісімен бірдей болады.
Санды теңсіздіктерді азайту:
Теңсіздік белгілері қарама-қарсы екі теңсіздікті мүшелеп азайтуға болады. Айырма теңсіздіктің теңсіздік белгісі азайғыш теңсіздіктің теңсіздік белгісідей болады.
ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:
Ауызша орындалатын тапсырмалар: 938
Тақтада орындалатын тапсырмалар: 939, 940, 941
Орындарында орындалатын тапсырмалар: 942, 943
Сабақты бекіту кезеңі:
Қандай теңсіздіктерді мүшелеп қосуға болады.
Теңсіздік белгілері бірдей теңсіздіктер қалай қосылады?
Қанда йтеңсіздіктерді мүшелеп азайтуға болады?
Айырма теңсіздіктің теңсіздік белгісі қалай анықталады?
Сабақт

Страницы: <<  <  66 | 67 | 68 | 69 | 70  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: