23 тамыздағы 1080 Қаулысы) айқындайды.
Вариативті компонент мұғалімнің оқу процесі бойынша сан-алуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын енгізуге бағыттайды. Вариативті компонент мектептің материалдық базасы мен орналасқан жерін, оқытушының мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру қажеттілігіне негізделген. Бұл компоненттің оқу материалын білім беру ұйымдары ұсынады, жергілікті орындарда дене шынықтыру пәні мұғалімі әзірлейді.
Бағдарлама "Оқушылардың дене шынықтыру дайындық деңгейіне қойылатын талаптар" деген бөліммен аяқталады. Аталған талаптар төрт негізгі түсінікке сүйенеді: "білу/түсіну", "меңгере білу", "көрсете білу".
Бағдарламалық талаптар екі түрлі қызмет атқарады. Бір жағынан, олар бағдарламалық материалды оқушының табысты меңгеруін бағалаудың өлшемі (критерий) болса, екінші жағынан бастауыш сыныпты аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді.
Дене шынықтыру мұғалімі бағдарлама талаптарына сүйенеді және әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, талаптардың (қорытынды тапсырмалар) өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады. Осындай өзіндік жол дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау түрлері. Бастауыш мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрі мыналар: дене шынықтыру сабақтары, оқу күндерінде ұйымдастырылатын және сауықтыру іс-шаралары, спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар, спорттық үйірмелерде шұғылдану, дене жаттығулар
Страницы: << < 73 | 74 | 75 | 76 | 77 > >>