ғдыларын қалыптастыру;
жеке гигиена, күн тәртібі, дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері, жұмыс істеу қабілеті мен қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту секілді қарапайым білім деңгейін қалыптастыру.
Оқу бағдарламасының құрылымы және мазмұны. Бағдарлама екі бөлімнен тұрады: "Дене шынықтыру туралы білім (ақпараттық компонент)" және "Әрекет етудің жан-жақты және пәндік әдістерін қалыптастыру (әрекеттік компонент)".
"Дене шынықтыру туралы білім" бөлімінің мазмұны адамның танымдық белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктерге сәйкес келеді және келесі тақырыптарды қамтыған: "Дене жаттығуларының адам денесаулығына тигізетін әсері", "Оқу бағдарламасының белгілі бір дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері", "Қимыл-қозғалыс тәртібі мен жеке гигиенасы, олардың денсаулық және оқушылардың жұмыс істеу қабілеттерін көтеру үшін маңызы", "Шынығу тәртібі", "Қазақстан халқының дене шынықтыру мәдениеті, оның еңбек іс-әрекеттерімен байланысы".
"Әрекет етудің жан-жақты және пәндік әдістерін қалыптастыру" бөлімі негізгі қимыл-қозғалыс дағдыларын игеруге және оқушылардың дайындық деңгейлерін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар жалпы дене дайындығының құралдары туралы ақпараттар берілген. Бағдарламада ондай құралдар ретінде қолданбалы маңызға ие болатын дене жаттығулары және базалық спорт түрлерінен (гимнастика, жеңіл атлетика, қозғалмалы ойындар, спорт ойындары, шаңғы, жүзу) қимыл-қозғалыс әрекеттері ұсынылған.
Бағдарлама дене шынықтыру сабағы үшін базалық компоненттен тұратын материалды ұсынады. Базалық (инварианттық) компонент дене шынықтыру саласындағы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
Страницы: << < 72 | 73 | 74 | 75 | 76 > >>