Күнтізбелік жоспар

Страницы: <<  <  71 | 72 | 73 | 74 | 75  >  >>

, "Алматыкітап"
Қазақ халқының салт-дәстүрлері "Алматыкітап"
Айналаны қоршаған орта "Алматыкітап"
Электронды оқулық
















ТҮСІНІК ХАТ

"Дене шынықтыру" пәні бойынша білім беру бағдарламасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпы білім беру стандарт талабына сәйкес құрылған. Оқу бағдарламасы "Дене шынықтыру" пәнін бастауыш сыныптарда төрт жыл оқуға есептеп даярланған және білім беру мазмұны мен оқу үдерісін ұйымдастыруды қарастырады.
Дене шынықтырудың білім беру саласындағы мақсаты: дене шынықтыру сабағында қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін қалыптастыру, физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.
Бастауыш сыныптарда осы мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттер шешілуі керек:
- оқушылардың денсаулықтарын нығайту, дене бітімдерін жақсарту, жалпақтабандылықтың алдын-алу; дененің қимыл-қозғалыс әрекеттерін белсенді және өзбетінше жасауға тәрбиелеу;
- денсаулықты сақтау мен нығайтуға қатысы бар дене тәрбиесі саласының білім жүйесін қалыптастыру;
- дене шынықтыру сапаларын: күштілік, жылдамдық, төзімділік, ептілік, иілгіштік және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту;
- акробатикалық, гимнастикалық, жеңіл атлетикалық және басқа да жалпы дамыту бағытындағы алуан-түрлі дене жаттығулар кешенін үйрету;
- жеке тұлғаның әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін тәрбиелеу, адамгершілік және жігер сапаларын дамыту, эстетикалық талғамын және мәдениеттілік да

Страницы: <<  <  71 | 72 | 73 | 74 | 75  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: