Кіріспе

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>

өзенінің сағасына жетті және көптен күткен қосымша күшін алып, 1716 жылғы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізін қалады. 9, 68-бет
Бухгольц Петербурге кеткеннен кейін толық қожайын болып алып, енді өз қалауы бойынша әрекет етуге уәкілдік алған Сібірдің бірінші губернаторы М. П. Гагарин Ертіс бойында жаңа бекіністер тұрғызу үшін воевода Павел Северский мен Василий Чередовты жібереді. 1717 жылдың жазында П. Северскийдің отряды - Железинск, В. Чередовтың отряды - Қолбасин бекіністерін салды. В. Чередов одан әрі жүріп, жаңа бекініс- Семипалатинск (Семей) бекінісін 1718 жылы салды.
Көп кешікпей патшаның өз өкімімен майор И. М. Лихарев басқаратын тағы бір әскери команда дайындалды, оған көлді (Зайсан) толығырақ зерттеу, сондай-ақ оған И. Д. Бухгольңтің экспедициясының сәтсіздікке ұшырауының егыжей-тегжейін білу тапсырылды.
Экспедицияның келе жатқан жолын үздіксіз қадағалап отырған жоңғарлар И. М. Лихаревтің солдаттарына оқ атып, оларды шегінуге, мәжбүр етті, сөйтіп шегінуге мәжбүр болған И. М. Лихарев қайтар жолында 1720 жылы Өскемен бекінісін салды. Нақты сол жылы тағы да бірнеше бекініс - Черноморецк, Черноярск, Верблюжск, Осморыжск, Убинск, Семиярск форттарын салып, 3 әскери- саяси шеп-Сібір, Ертіс және Колыван шептері үшін негіз қалады.
Абакан Острогімен (1707 ж. ), Бикатун бекінісімен (1709 ж. ) қатар, жақсы машықтандырылған гарнизондары, зеңбіректері көп, стратегиялық жағынан орналасқан жері қолайлы бұл бекіністер жергілікті тұрғындарды құнарсыз жерлерге ығыстырып, Ертіс өзендерінің аралығын Россия иелігіне бекітуді, өзін казак қоныстары арқылы қауіпсіздендіріп, отарлау тірегіне айналдыруды қамтамасыз етті.
XVIII ғасырдың орта шенінде патша үкіметі бүкіл елде, оның ішінде Еділ бойы, Орал, Сібір мен Қазақстан өңірінде әскери бекіністердің ескі ш

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: