Кіріспе

Страницы: <<  <  13 | 14 | 15 | 16 | 17  >  >>

ды, Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүзде жаңа хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, "Сібір қырғыздары туралы уставқа" сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл уставты 1822 жылы Россияның XIX ғасырда белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М. М. Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік қоғамның мүшесі Г. С. Батеньков белсене қатысты. Оған М. М. Сперанский жергілікті статистика үшін материалдар әзірлеу мен жинауды тапсырған еді.
Орта жүзде жаңа әкімшілік құрылым мен сайлау жүйесі енгізілді. "Уставта" денсаулық сақтау жөнінде кейбір шаралар бегіленді, атап айтқанда қырдағы бекіністер гарнизонына қызмет көрсету үшін ауруханалар салу, көшпелі халық арасында шешекке қарсы егу жұмысын жүргізу белгіленді. Қазақтарға арналған балаларын жалпы негіздерде империяның оқу орындарына жіберуге құқық берілді.
Жарғымен міндеткерлік пен салықтардың жаңа санаттары енгізілді. Реформа Қазақстанда сауда-экономикалық үрдістің өсуі үшін оң алғышарттар туғызды. Жарғының негізінде қазақтарға өз тауарларын еш шектеусіз еркін өткізуге мүмкіндік берді.
1822 жылы Сібір екі бөлімге: бас басқармасы Иркутскіде болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және орталығы Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс Сібірге бөлінді. Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді, ал Омбы 3 облысына қазақ даласының Орта жүз қоныстанған жерлері мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ол жер "Сібір қырғыздарының облысы" деп аталды да, 1822 жылы оған арналып "Сібір қырғыздары туралы устав" талдап жасалынды.
"Устав" бойынша "Сібір қырғыздарының облысы" сыртқы және іш

Страницы: <<  <  13 | 14 | 15 | 16 | 17  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: