Тақырыбы: Кіріктірілген сабақтарда (CLIL)
оқытудың белсенді әдістемелерін қолдану
CLIL - тіл мен пәнді кіріктіру әдісі. Оқытудың бұл түрі екінші немесе үшінші тіл арқылы белгілі бір ғылымды үйрену, пән арқылы тілді меңгеру, яғни бұл әдіс арқылы пәндік және тілдік мақсаттарға қол жеткізу.
CLIL әдісі 4 бағытта жүзеге асады. Олар: Content (мазмұн) пәннің мазмұны түсіндіріледі, Commuication (қарым-қатынас) тілдік қарым-қатынас жүзеге асырылады, Cognition (ойлау қабілеттері) пәнді игеруде тілді қолдану, Culture (мәдениеттанымдық) сөйлеу, өз іс-әрекетіне баға беру, игеріліп отырған тіл тарихы және оны қолданатын ұлттың мәдениетімен танысу. CLIL әдісі арқылы білім сапасын көтерумен қатар екінші немесе үшінші тілді уақытты үнемдеу арқылы үйреніп, білім сапасын көтеруге мүмкін болады.
CLIL әдісі арқылы оқытуда күтілетін нәтижелер:
- полимәдени тұлға тәрбиеленеді;
- тілдік құзыреттілік дамиды;
- білім сапасын арттыруға ықпал жасалады;
- функционалдық сауаттылық дамиды;
- пәнаралық қоғамдастық қалыптасады.
CLIL белсенді әдістері:
Қарапайым және күрделі сұрақтар /HOTS - LOTS/
Сурет арқылы сөйлеу;
Сөйлем құрастыру;
Мини тақталарды қолдану;
Ақпараттық кеш;
Бетпе-бет әдісі
Бес қадам
Өкіл
15 сурет
4 сөйлем "пікір, дәлел, мысал, қорытынды
Ойлан- жұптас- бөліс
Екінші тілді оқыту төрт дағдыға негізделеді, олар: тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым. Тыңдалымға негізделген тапсырмалардың өте көп түрлері бар. Мысалы, тыңдалым бойына мәтінді бірінші тілде тыңдап, оны екінші тілде айтып беру. Бұл тапсырма оқушылардың ақпаратты бір тілде тыңдап, оны екінші тілде айтуға дағдыландырады. Сонымен қатар тез ойлап, ақпаратты жүйелі, мазмұнды жеткізуге жетелейді. Тыңдалған мәтін
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>