Кіріктірілген сабақтарда (CLIL) оқытудың белсенді әдістемелерін қолдану

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

нің негізгі ақпаратын қосымша ақпараттан бөліп алып, оны өзінше айтуға дағдыланады. Осы тыңдалым тапсырмасы негізінде оқушыларға кесте, диаграмма, комикс немесе ментальді картаны жасауға болады. Ол тыңдалған ақпараттан кілтті сөздерін іріктеп алып, оларды дұрыс топтастыруға үйретеді.
Мысалы, . . . әдісінде . . . . . .
Оқушылардың оқылым дағдысын жетілдіру қарапайым тапсырмалардан басталып, мәселелік оқыту тапсырмаларына дейін қамтуға болады. Функционалды сауаттылық деңгейін анықтау үшін әлемде PISA халықаралық емтиханы өткізіледі. Оқу сауаттылығы оқушыға берген мәтіндерді түсініп, оларға рефлексия жасап, берілген мәтіннің мазмұнын өмірмен байланыстыра алу дегенді білдіреді. Оқылым дағдысының ерекшелігі, ең бастысы, түсініп оқу, зерттеп оқу, сын тұрғысынан ойлау, аргументтерді келтіріп, оны дәлелдей алу және шолып оқу.
Оқылым дағдысына негізделген тапсырмалардың бірі - ол "Перифраз". Яғни, оқушыға берілген бір сөйлемдерді өз сөзімен қайта жазу. Бұл тапсырма оқушылардың сөйлемді қаншалықты түсінгендігін айқындайды, сонымен қатар екінші тілде сөйлемдерді грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрастыруға үйретеді.
Сурет, кесте, диаграмма арқылы ақпаратты бірінші тілде оқып, оны екінші тілде айтып беру тапсырмасы да оқушылар үшін өте қызықты. Мысалы, күнделікті өмірде өзіміз қолданып жүрген ауа райы болжамы туралы ақпаратты сурет арқылы беріп, оны екінші тілде айтып бере алады. (Үлгі: 2017 жылдың 6 қазан күніне ауа райының болжамы. Қостанай қаласында жұма күні түнде күн ашық, ауа температурасы -2 градусқа төмендейді, атмосфералық қысым 761мм, желдің жылдамдығы солтүстік-батыстан 3 м. с. , ауаның ылғалдылығы 69 т. с. с. ).
Жазылым дағдысы негізінде анализ жасау, пікір, хат, эссе және т. б. тапсырмаларды қолдануға болады. Сонымен қатар сюжетті су

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: