лым дағдысын жетілдіру үшін диалог, рөлдік ойын, интервью, монолог және т. б. қолдануға болады. Түрлі жағдаяттар, рөлдерге бөліп ойнау, бір-бірін тыңдап, сөйлеу арқылы оқушылар жасаған іс-әрекеттерін ұзақ есте сақтайды. Сонымен қатар, ойлануды қажет ететін тапсырмаларды қолданған кезде, оқушылар оларға анализ жасап, өз пікірлерін қорғауға, дәлелдемелерді келтіріп айтуға дағдыланады.
CLIL әдісін қолдану арқылы біріншіден, 2015 -2020 жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамыту жол картасын жүзеге асыру болып табылады. Екіншіден, мұғалімдердің, оқушлардың тілдік құзыреттіліктері дамиды, басқа тіл арқылы ғылымды меңгеруге мүмкіндік беріледі. Үшіншіден, пәнаралық қоғамдастық дамиды, яғни мұғалімдер бірлесіп жұмыс істеу арқылы сабакты жоспарлайды, талдайды, күтілетін нәтижені бірге белгілейді. Сондықтан, бұл әдістің тиімділігі зор және жаңартылған білім мазмұнында актуалдылығы айқын.
Страницы: << < 2 | 3 | 4